Ыбырай Алтынсарин
Өлең

Өнер-білім бар жұрттар

I
  1. Өнер-білім бар жұрттар
  2. Тастан сарай салғызды;
  3. Айшылық алыс жерлерден,
  4. Көзіңді ашып-жұмғанша,
  5. Жылдам хабар алғызды.
II
  1. Аты жоқ құр арбаны
  2. Мың шақырым жерлерге,
  3. Күн жарымда барғызды.
  4. Адамды құстай ұшырды;
  5. Мал істейтін жұмысты
  6. От пен суға түсірді;
III
  1. Отынсыз тамақ пісірді,
  2. Сусыздан сусын ішірді.
  3. Теңізде жүзді балықтай,
  4. Дүниені кезді жалықпай,
  5. Білгендерге осылар
  6. Бәрі-дағы анықтай,
IV
  1. Білмегенге танықтай;
  2. Біз де бекер жатпалық,
  3. Осыларға таныспай;
  4. Ат өнері білінбес
  5. Бәйгеге түсіп жарыспай;
V
  1. Желкілдеп шыққан көк шөптей
  2. Жаңа өспірім достарым,
  3. Қатарың кетті-ау алысқа-ай,
  4. Ұмтылыңыз, қалыспай.
VI
  1. Біз надан боп өсірдік
  2. Иектегі сақалды.
  3. Өнер — жігіт көркі деп
  4. Ескермедік мақалды.
VII
  1. Біз болмасақ, сіз барсыз,
  2. Үміт еткен достарым,
  3. Сіздерге бердім батамды.
Дереккөз: SöztumarЛицензия: Қоғамдық игілік